Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Aқтөбе облысы әкімінің тікұшақ жанындағы суреті қызу талқыға түсті

Опубликовано:

Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалинді желі пайдаланушылары қызу талқыға салды. Оқырмандар аймақ басшысының тікұшақ жанында түскен суретін көріп, таңғалғандарын жасырмады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Өңір басшысы тікұшақтың жанында бейнеленген сурет Instagram-дағы Zello_aktobe парақшасында пайда болды.

Кейбір пікір қалдырушылар облыс әкімінің өңірді тікұшақпен аралағанын сынға алды.

"Көлік енді сәнді емес секілді", "жолдар жоқ, сол үшін ұшып жүр", " Көлікпен жақсырақ жүріп өтетін еді! Мысалы, Ақтөбеден Қандыағаш, Ембі, Шалқарға дейін", "Автомобильмен біздің жолдармен жүруі керек", - деп жазды олар.

Алайда кейбір желі қолданушылары шенеунікті жақтап шықты.

"Енді ол өзінің шаруалары бойынша ұшып жүрмеген болар", "Оның жұмыс күні сағат бойынша кестеленген. Ол алыс ауылдарға жеткенше, күн бойы өтеді, сондықтан ұшсын", "Ол жұмыс істеп жүр, бұл қалыпты жағдай. Жан-жақты болу керек" - деп жазды желі қолданушылары (орфография туралы пунктуация сақталған, ЕСКЕРІМ.ред. қара).

Облыс әкімінің баспасөз қызметі фактіні растады.

Aқтөбе облысы әкімінің тікұшақ жанындағы суреті қызу талқыға түсті
Фото: Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі: Instagram

Аймақ басшысының баспасөз хатшысы Ғани Жәпішев 4 тамыз күні Оңдасын Оразалиннің экология департаменті басшыларымен бірге Мұғалжар, Байғанин аудандарындағы мұнай өндіру және өңдеу жұмыстарын жүргізетін «CNPC-Ақтөбемұнайгаз» АҚ Жаңажол газ өңдеу зауытының, және «Gas Processing Company» ЖШС-нің жұмысын көргенін алға тартты.

"2018 жылдың жазында Қаратөбе кен орнындағы Г-36 ұңғымасынан мұнай ағып, Байғанин ауданында төтенше жағдай жарияланған болатын.

Аймақ басшысы осыған байланысты кен орнында көшпелі кеңес өткізіп, төтенше жағдайлардың қайталанбауына қатысты мәселелер талқыланды.

Содан соң облыс әкімі Байғанин ауданындағы Оймауыт ауылының тұрғындарымен кездесіп, бірқатар әлеуметтік нысандарды аралады.

Осы аудандар мен кен орындарының қашықтығына байланысты, және оқиға болған жерді авиавизуалды тексеру мақсатында тікұшақ пайдаланылды. Аталған көлік түрін мұндай мақсаттарға пайдалануға жол беріледі.

Өткен жылдары да тікұшақ бірнеше рет пайдаланылған", - деп нақтылады ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1809396-aktbe-oblysy-kimini-tiksak-zanynda-tsip-kalgan-sureti-zrtty-esegiretti/

pixel