RU
"42 градус аптап ыстық": Алдағы үш күнде елімізде ауа райы қандай болады?

"42 градус аптап ыстық": Алдағы үш күнде елімізде ауа райы қандай болады?

Рассказать Вконтакте

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Кей жерлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауып, жел тұрады деп күтілуде. Сонымен бірге, дауыл соғып, бұршақ жаууы мүмкін деп хабарлайды Қазгидромет.

Ауа райы

Көрнекі фото: NUR.KZ

Синоптиктердің болжамынша, еліміздің оңтүстік және оңтүстік-шығысында ауа райы жауын-шашынсыз, 35…42°С аптап ыстық болады.

"Иран аумағынан келетін жылы ауа массаларының әсерінен батыс және солтүстік-батыс өңірлерден басқа жақта 6 тамызда аптап ыстық болады", - деп ескертті Қазгидромет.

Одан соң Мурманск аймағынан салқын ауа ағыны келіп, еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында ауа температурасы күндіз 20-25 градусқа дейін біртіндеп төмендейді, кей жерлерде 30 градус болуы мүмкін.

Ірі қалаларға арналған ауа райы болжамы

6 тамызда Нұр-Сұлтанда түнде ауа температурасы 20 градус жылы болса, күндіз 32 градус ыстық болмақ, тіпті 36 градусқа дейін жоғарылайды.

Алматыда түнде +25 градус болса, күндіз – 36 градус аптап ыстық. Шымкентте түнде – 28 градус, күндіз 40 градус аптап ыстық болады.

7 тамызда елордада ауа температурасы түнде 23 градус нөлден жоғары болса, күндіз 29 градус ыстық болмақ. Алматыда түнде +25 градус, күндіз +36 градус ыстық. Шымкентте түнде +30 градус, күндіз 40 градус аптап ыстық болады.

8 тамызда Нұр-Сұлтанда түнде 17 градус, күндіз 25 градус нөлден жоғары болады. Алматыда түнде плюс 24 градус, күндіз 36 градус аптап ыстық. Шымкентте түнде 30 градус, күндіз 40 градус аптап ыстық.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel