RU
Нұр-Сұлтанда үлкен базар өртке оранды (фото)

Нұр-Сұлтанда үлкен базар өртке оранды (фото)

Рассказать Вконтакте

Нұр-Сұлтандағы ірі базарлардың бірінен өрт шықты. Нәтижесінде 30 сауда дүкені зақымданды деп хабарлайды ІІМ Төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: ІІМ ТЖК баспасөз қызметі

Фото: ІІМ ТЖК баспасөз қызметі

Мекеме хабарламасында өрт шыққаны туралы ақпарат кезекші пультке сағат 03:49-да түскені мәлімделді.

Қоңырау шалушы "Big Шанхай" базары өртеніп жатқанын айтқан.

Фото: ІІМ ТЖК баспасөз қызметі

Фото: ІІМ ТЖК баспасөз қызметі

Өрт сөндірушілер өрт ошағына сағат 03:57-де жеткен.

Бұл уақытта халық тұтынатын тауарлары бар 30 дүкенді жалын шарпыған екен. Өрт "Ярмарка" азық-түлік павильоны аумағында басталған.

Өрт сағат 04:35-те оқшауланып, сағат 05:08-де толық сөндірілді.

Жалпы көлемі 500 шаршы метр жер отқа оранған.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
4
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel