RU
Головкин-Деревянченко: Көптен күткен жекпе-жек қай күні өтеді?
Жаңалықтар Денсаулық және сұлулық

Головкин-Деревянченко: Көптен күткен жекпе-жек қай күні өтеді?

Рассказать Вконтакте

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин бірнеше айдан соң жаңа қарсыласы украиналық спортшы Сергей Деревянченкомен жекпе жек өткізбек. Аталмыш жекпе жекте IBF-дің чемпиондық титулының иегері анықталады деп хабарлайды Sports.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ

Фото: instagram.com

Фото: instagram.com

ESPN арнасы алдын ала ақпараттарға сәйкес қос спортшының кездесуі 5-қазанда өтеді деп хабарлады.

Еске салсақ, бұған дейін бұл чемпиондық атақты мексикалық Сауль Альварес иемденген еді. Алайда, халықаралық федерация оны жақында ғана белбеуінен айырды. Канелоның чемпиондықтан айырылу себебі украиналық Деревянченкомен жекпе жектен бас тартуы болған.

Сөйтіп, IBF украиналық спортшы мен қазақстандық спортшыны кездесу өткізуге міндеттеді. Келіссөздер жүргізу үшін оларға 30 күн берілді.

Boxingscene.com журналисі Кит Идек кездесу орны Нью-Йорктегі "Мэдисон Сквер Гарден" кешені болуы мүмкін деп топшылады. Головкин ол спорт кешенінде соңғы рет Стивом Роллсты жеңген еді.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
1
3
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel