Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

23 жастағы көрікті балықшы қыз әлем назарын өзіне аударды

Опубликовано:

Американың Иллинойс штатының 23 жастағы тұрғыны Ханна Баррон балық аулағанды жаны сүйеді. Алайда ол өзгелер секілді көлдің жағасында қармақпен сағаттап тұрмай, балықты судың ішінен өз қолымен алып шығады деп хабарлайды bigpicture.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Балықты мұндай тәсілмен аулау - нудли деп аталады. Ол бұрынна келе жатқан ескі тәсілдердің бірі. Дегенмен дәл қазіргі уақытта жиі қолданыста болмаған.

Келе жатқан балықтың аузына иыққа дейін қолыңды сатып, екінші қолыңмен судан алып шығасың.

Тамағына тіреліп тұрған адамның қолы балыққа қашып кетуге кедергі келтіреді. Сол себепті нудлимен тек мықты, күші тасыған адам ғана айналыса алады.

Мәселен, Ханна Баррон ер азаматтардан тұратын топпен балық аулауға барып, құбыжық тәріздес сомды ұстап алған, ал басқаларының қолынан бұл келмеген.

Бойжеткен тек балық емес, аң аулағанды да ұнатады. Оның әлеуметтік желідегі парақшасында ауланған бұғы, қасқыр, доңыздың суреттері бар. Оған қоса ару қолтырауынды иғына салып көтерген суретін де оқырмандарына көрсетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1809425-23-zastagy-krikti-balyksy-kyz-lem-nazaryn-zine-audardy/

pixel