Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қыруар қаржымен жоғалып кетті": Петропавлда мемлекеттік қызметкер іздестірілуде

Опубликовано:

Петропавлда 29 жастағы ер азамат жоғалды. Мемлекеттік қызметте істейтін жігіт туған кешіне кетіп, қайтып оралмаған деп жазады КТК телеарнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан алынған кадр
Фото: видеодан алынған кадр: Facebook

Жоғалған түні оның қалтасында несиесін төлеймін деген ірі көлемде ақшасы болыпты. Қазір азаматты туған-туысқандарымен қатар құзырлы орган өкілдері және еріктілер тобы іздеуде. 

Сағындық Салықов әпкесімен бірге тұрған.Оның туысқандары мемлекеттік қызметте абыройлы жұмыс істеген жігіттің қақ-соқпен ісі жоқ дейді.

Туысқандарының айтуынша, туған күн кешінен шыққан Сағындық жол бойы таксиден түсіп қалып, жаяу жүрумек болыпты. Тіпті, сол уақытты әпкесімен телефон арқылы тілдескен. Оның қалтасында несиесін түгел төлеп тастауға жететін ірі көлемде ақшасы болған.

Сағындықты іздеген жақындары бірден полицияға арызданыпты.

Данияр Ғалиақпаров, СҚО ПД КПБ жедел уәкілі:

- Үшінші тамыз күні полицияның бірінші бөлім із-түзсіз жоғалғаны туралы арыз түскен. Қазіргі уақытта осы арызбен полиция бөлімдері жұмыс атқарып жатыр. Іздестіру ісі қозғалған. Сондай-ақ, іздестіру шараларымен ТЖД қызметкерлері айналысып жатыр.

Мына бейнебақылау камерасында оның сол түні жарығы жанған көшедегі бұрылысты кесіп өтіп, қараңғыға сүңгіп кеткені аңғарылады. Әрі қарай Есіл өзенінің жағалауы. Оның ұшты-күйлі жоғалуына қатысты түрлі деректер айтылуда.

Ал, жас жігітті ит жетектеген сарбаздар жағалаудан іздесе, құтқарушылар күндіз-түні судың астын сүзіп жүр.

Аслан Сегізтаев, құтқарушы: - Судың асты лай. Ештеңе көрінбейді. Екінші күн қатарынан тынбастан жүрміз. Күндіз-түні іздеп жатырмыз. 

Әзірге жоғалған жігіт туған күннен келе жатып не үшін бағытын өзгерткені бәріне жұмбақ күйінде қалып отыр. Сағындықты құзырлы орғандардан бөлек 100-ден астам еріктілер іздеп жатыр.

Дереккөз: КТК

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1809430-petropavlda-tugan-kn-kesine-ketken-memlekettik-kyzmetker-zogaldy/

pixel