RU
Мамандар доллардың тағы 7 теңгеге қымбаттауы мүмкін екенін айтты

Мамандар доллардың тағы 7 теңгеге қымбаттауы мүмкін екенін айтты

Рассказать Вконтакте

Доллар бағамы соңғы күндері тарихи деңгейге жетті. Кеше, 5 тамыз күні, шетелдік валютаны айырбас нүктелерінде 388 долларға сатып алу мүмкін болды. Мамандар жақын күндері ұлттық валютадан не күтуге болатынын айтты деп хабарлайды "Астана" арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Отандық экономистердің айтуынша, ұлттық валюта үшін жағдай өте қиын. Сарапшылардың болжамынша, теңгенің құлдырауы мұнымен тоқтамайды.

Доллардың өсуіне қарамастан, қазақстандықтар шетел валютасын көбірек сатып алуға асығуда.

Валюта бағамындағы өзгерістер шетелде шикізат сатып алатын қазақстандық кәсіпкерлерді көбірек алаңдатады.

Кәсіпкерлер өнім берушілер бағаны бұрынғы деңгейде ұстап тұрғанын, алайда, тауарларды сатып алуға теңселіп тұрған бағамға байланысты әлі де көп қаражат талап етілетінін атап өтті.

Бизнесвумен Джамиля Сәрсембаева құлдырамау үшін жаңа әдістерді ойлап табу керектігін айтты. Тұрақсыз теңгеге байланысты ассортимент қысқартылды. Енді кәсіпкер тек тұтынушыда жоғары сұранысқа ие тексерілген тауарларға тапсырыс береді.

Экономистер қаржы нарығындағы жағдайды Ресей рублінің әлсіреуімен және АҚШ пен Қытай арасындағы сауда қатынастарының нашарлауымен түсіндіреді. Сондай-ақ, мұнай бағасының құлдырауы да бар.

Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының сарапшысы Рамазан Досов қандай да бір болжам жасау қиын деп санайды.

"Таяудағы айда есеңгіремеген жағдайда + / - 2%. Яғни, біздің сарапшылар ағымдағы бағамға +/- 7 теңге қосылады деп күтеді. Сондықтан, 400 теңге болады не болмайды деп айту қиын", - деді маман.

Автор: А. Бржанова

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel