RU
БҚО-да болған дауылдан бес адам зардап шекті (фото, видео)

БҚО-да болған дауылдан бес адам зардап шекті (фото, видео)

Рассказать Вконтакте

Батыс Қазақстан облысында ауа райының қолайсыздығынан болған шығын есептеліп жатыр. Өңірге дауыл түсті. Секундына 23 метрге соққан жел ғимараттың шатырын жұлып, ағаштарды тамырымен жұлып әкетті. Алдын ала мәліметтер бойынша, 5 адам зардап шекті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасында зардап шеккен бес адам туралы хабарланды.

"Әбілхайыр хан даңғылында автокөлікке үлкен бұтақ құлады. Нәтижесінде, сынық 31 жастағы ер адамның көзіне түсті. Ол ауруханаға жатқызылды. Сондай-ақ, оқиға орнынан 16 жастағы қыз ауруханаға жеткізілді. Желаев ауылында шатырдан шифер ұшып, сегіз жасар қыздың басына түсті. Ол қалалық көп салалы ауруханаға жатқызылды. Сондай-ақ, ағаштардың құлауынан 1945 және 1950 жылдары туған екі әйел зардап шекті", - деп атап өтті облыстық денсаулық сақтау басқармасында.

Сонымен қатар, әлеуметтік желілерде құлаған ағаштардан зардап шеккен автокөліктердің суреті кең тарады. Көліктердің көпшілігі ТЖ-дан сақтандырылмаған және жүргізушілер өз есебінен автокөлікті жөндеуге тура келеді.

БҚО ТЖД хабарлағандай, облыстың кейбір аудандарында қатты желдің салдарынан әлеуметтік нысандардың шатырлары бұзылды.

"Казталов ауданында Жаңажол жалпы білім беру мектебінің шатырын жұлынып кетті. Жалпы ауданы 120 шаршы метрді құрады. Жәнібек ауылында М. Б. Ихсанов атындағы колледждің спорт залының шатыры құлады. Тасқала ауданында халықты жұмыспен қамту орталығының шатыры 225 шаршы метр алаңда бұзылды", - деп хабарлады ТЖД.

Батыс Қазақстан облысының аумағында дабылды ескерту жарияланды. Кей жерлерде найзағай, бұршақ жауып, оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, екпіні 23-28 м/с дейін жетеді деп күтілуде.

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel