Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақтың жас палуаны әлем чемпионатында алтынды жеңіп алды (видео)

Опубликовано:

Болгарияның София қаласында грек-рим күресінен жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты өтіп жатыр. Қазақстандық "классик" Саматбек Ізімғали әлемдік біріншілікте "алтын" медаль иеленді деп хабарлайды Olympic.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: olympic.kz
Фото: olympic.kz: Facebook

Әлемдік біріншіліктің финалында Саматбек Ізімғали 45 келіге дейінгі салмақта өзбекстандық қарсыласы Асадбек Бахрамовтан басым түсті. Чемпионаттың қола жүлдесі грузиялық Тамази Глонти мен әзірбайжандық Фарид Садихлиге бұйырды.

Тағы да екі отандасымыз турнирде жүлделі болды. 48 келі салмақ дәрежесінде Ербол Камалиев пен 80 келі салмақта Мақсат Сайлау қола жүлдегер атанды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1809458-kazakty-zas-paluany-lem-cempionatynda-altyndy-zeip-aldy-video/

pixel