RU

«Еңбек» бағдарламасы: Өзге аймаққа қоныс аударушыларға қандай көмек беріледі?

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі өңірлерді жұмыс күшімен қамтамасыз ету мақсатында «Еңбек» бағдарламасын жүзеге асырып жатыр. Бағдарлама аясында басқа аймаққа жұмысқа орналасқысы келетін ерікті жұмысшыларға көмек көрсетіледі.

«Еңбек» бағдарламасы: көшкендерге мемлекеттен көмек

Алматы, Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан және Қызылорда облыстарындағы жыл сайынғы өсім Шымкент және Нұр-Сұлтан қалаларындағы кадрлардың тым көбеюіне әкеп соғуда. Аталған мәселелерді шешу мақсатында «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында еңбек ресурстарының ұтқырлығы қолға алынып жатыр.

Мемлекет өз еркімен қоныс аударушыларға қолайлы жағдай жасайды. Осы ретте, кадр саны көп облыстардағы жұмысшылар басқа аймаққа көше алады.

Шығыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарына көшкен мамандарға арнайы жеңілдіктер жасалып, көмек көрсетіледі.

Көшу кезінде жұмысшы мен оның жанұясына бірден 88 мың теңге көлемінде қаражат беріледі. Үй жалдау үшін, коммуналдық қызметтерді өтеу үшін ай сайын бюджеттен 37- 75 мың теңге аралығында ақша бөлінеді.

«Еңбек» бағдарламасы: көшкендерге мемлекеттен көмек

Ерлан Асқаровтың жанұясы «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асып жатқан «Nurly Ertis» бағдарламасына қатысушылардың бірі. Ол жұбайы Гүлнара мен балаларын ертіп, Нұр-Сұлтаннан Екібастұзға көшкен.

«Еңбек» бағдарламасы: көшкендерге мемлекеттен көмек

Ерланның зайыбы Гүлнара «Nurly Ertis» бағдарламасы туралы естіп, бағдарламаға қатысуды және Екібастұзға көшуді ұсынған.

«Еңбек» бағдарламасы: көшкендерге мемлекеттен көмек

Ерланның айтуынша, көшу жұмыстары көп уақыт пен күшті қажет етпеген. «Бізге инстанция аралап, қағаз жинаудың қажеті болмады. Қажетті құжаттардың барлығын ХҚКО-дан алып, өтініш рәсімдедік. Мамыр айында Екібастұзда болып, Мәметова көшесінен 3 бөлмелі пәтер алдық», – дейді ол.

«Еңбек» бағдарламасы: көшкендерге мемлекеттен көмек
«Көшіп келгеннен кейін «Өнер» қалалық мәдениет орталығына техник-механик мамандығы бойынша сахна машинисі болып жұмысқа орналастым. Ал әйелім балаларға қарайды», – дейді Ерлан.
«Еңбек» бағдарламасы: көшкендерге мемлекеттен көмек

«Еңбек» бағдарламасы: көшкендерге мемлекеттен көмек
«Біздің үлкен ұлымыз 14 жаста, кішілері – 6 және 2 жаста. Қызымыз осыдан бірнеше ай бұрын өмірге келді. Ол үнемі анасының жанында. Мектеп пен балабақша жақын жерде, алысқа барудың қажеті жоқ. Біз онда балаларды орналастырдық», – дейді Ерлан Асқаров.
«Екібастұз – жайлы қала. Әріптестерім жақсы. Қуаныштымын», - дейді Екібастұз қаласының жаңа тұрғыны.
«Еңбек» бағдарламасы: көшкендерге мемлекеттен көмек

«Бағдарламаға қатысу – өте жақсы шешім. Мемлекет бізге көшуге көмектесті, пәтер берді, отбасының әр мүшесіне қосымша қаражат бөлді. Бізге қамқор болғаны қуантады», – дейді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1809478-ebek-bagdarlamasy-zge-ajmakka-konys-audarusylarga-kandaj-kmek-beriledi.html