Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақмола облысында көшеде қыз зорлаған 40 жастағы ер адам ұсталды (фото)

Опубликовано:

Ақмола облысында көшеде қыз зорлаған 40 жастағы ер азамат қолға түсті деп хабарлайды сілтеме жасаған Sputnik Қазақстан.

Фото: pixabay, коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: pixabay, коллаж: KAZ.NUR.KZ: Facebook

Ұлттық ұлан баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 3 тамыз күні Көкшетау қаласының Назарбаев даңғылында орын алған.

Ведомство түнгі он шамасында жедел басқару орталығына белгісіз ер адамның көшеде қызды зорлағаны туралы ақпарат түскенін мәлімдеді.

Ұлттық ұлан сарбаздары мен полиция қызметкерлері іздестіру жұмыстарын бастады. Көп ұзамай 1979 жылы туған Көкшетау тұрғыны қолға түсті.

Күдіктінің бұған дейін істі болғаны анықталды.

Басылым 40 жастағы ер азаматтың қылмысын мойындағанын, қазіргі уақытта оның уақытша ұстау изоляторында қамауда отырғанын атап өтті.

Фото: Ұлттық ұланның баспасөз қызметі
Фото: Ұлттық ұланның баспасөз қызметі: Facebook

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1809495-akmola-oblysynda-ksede-kyz-zorlagan-40-zastagy-er-adam-staldy-foto/

pixel