RU
Маңғыстауда ішкі саясат басқармасының басшысы тағайындалды

Маңғыстауда ішкі саясат басқармасының басшысы тағайындалды

Рассказать Вконтакте

Маңғыстау облысы әкімі Серікбай Трұмовтың өкімімен ішкі саясат басқармасының басшысы болып Ержан Күмісқалиев тағайындалды деп хабарлайды облыстық әкімдіктің хабарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ержан Күмісқалиев. Фото: mangystau.gov.kz

Ержан Күмісқалиев. Фото: mangystau.gov.kz

Күмісқалиев 1983 жылы туған, білімі жоғары, мамандығы "заңгер".

Еңбек жолын 2007 жылы Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы №3 орта мектебінің тарих және құқық пәнінің мұғалімі қызметінен бастады, кейін директордың оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары болды.

2008-2016 жылдар аралығында Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасында бас маман, бөлім басшысы, басқармасы басшысының орынбасары қызметтерін атқарды.

2016 жылдың қараша айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Маңғыстау облысы Қарақия ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

Сіздің реакцияңыз
2
0
0
1
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel