Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Семей медицина университеті түлектерінің жұмысқа орналасуы қалай өтуде?

Опубликовано:

Семей медицина университеті – Қазақстан Республикасының ең ірі оқу орындарының бірі, еліміздегі медицина қызметкерлерін даярлайтын қара шаңырақ.

Семей медицина университеті – Қазақстан Республикасының ең ірі оқу орындарының бірі
Фото: НАО "Медицинский университет Семей": Facebook

Жас мамандарды жұмыспен қамтамасыз етудегі жаңалықтардың бірі – жаңа жұмыс орнындағы онлайн кеңес беру жүйесі, яғни, университет түлегі мен жетекші тәлімгердің электронды бағдарлама арқылы байланыс құруын енгізу. Осы жаңалықтың арқасында жас медицина қызметкерлері үнемі өздерінің кураторлары мен тәлімгерлерінен көмек ала алады.

Сондай-ақ, Семей медицина университетінде табысты қолданылатын кадрлармен қамтамасыз етудің басқа да тиімді әдістерінің бірі – медициналық жоғары оқу орындарында білім алуға арналған үшжақты келісім-шарт. Жұмыс беруші өз болашақ маманының оқуын ақысын төлесе, жас маман өз кезегінде ұйымда үш жыл жұмыс істеуге міндеттеледі. Болашақ жұмыс беруші резидентурада оқу ақысын төлеу туралы үш жақты келісім-шартты таңдай алады. Медицина кадрларын ауылдық елді мекендерде ұзағынан жұмыс істеуге ынталандыру үшін оларға өз әлеуетін жүзеге асыруға мүмкіндік беру қажет.

Семей медицина университеті – Қазақстан Республикасының ең ірі оқу орындарының бірі
Фото: НАО "Медицинский университет Семей": Facebook

Университетте жыл сайын бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізу дәстүрге айналған. Мақсат – мамандарды даярлау және жұмысқа орналастыру саласындағы жұмыс берушілер мен университеттер арасындағы ынтымақтастықты нығайту. Жыл сайын университет жұмыс берушілердің съезін өткізеді. Онда денсаулық сақтау басқармалары мен медицина ұйымдарының резидентураға гранттарды беру бойынша келіссөздер жүргізіледі.

Семей медицина университеті – Қазақстан Республикасының ең ірі оқу орындарының бірі
Фото: НАО "Медицинский университет Семей": Facebook

Университет түлектеріне жасалған жағдайларды қадағалау және қамқорлық көрсету мақсатында «Семей медицина университеті» КеАҚ Басқарма Төрағасы-Ректор және басқарма мүшелері әр ауданға барып, жас мамандардың еңбек жағдайларын, қандай пәтер немесе үйде тұрып жатқандарын өз көздерімен көреді. Бұл аудан және ауыл әкімдіктері мен жұмыс берушілерге жоғары оқу орындары үшін өз түлектеріне қолайлы жағдай жасау мәселесі маңызды екенін көрсетеді.

Бүгінгі күнде түлектерді үлестіру бойынша 557 интернатура түлектерінің 440 жұмысқа орналасты. 186 резидентура түлектерінің 125 - жұмысқа орналасты, оның ішінде моноқалаларда, ауылдарда – 70 және 55 түлек қалаларда, 61 – еркін жұмысқа орналасуда.

Семей медицина университеті – Қазақстан Республикасының ең ірі оқу орындарының бірі
Фото: НАО "Медицинский университет Семей": Facebook

Аудандық және ауылдық ауруханаларға түрлі профильді мамандар қажет және осы мекемелер болашақ мамандарға тиісті жағдайлар жасауға дайын. Мысалы, 2019 жылы Риддер қалалық ауруханасы Университетіміздің 3 түлегіне жаңа үйлерден жалдамалы пәтер және 500.000 теңге көлемінде көтерме жәрдемақы ұсынуда. Көкпекті ауданының №2 ауруханасы түлектерге 70 АЕК көлемінде көтермелі жәрдемақы және 1500 АЕК көлемінде женілдетілген несие қарастырған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1809508-semej-medicina-universiteti-tlekterini-zmyska-ornalasuy-kalaj-tude/

pixel