Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Месси Гризманнның "Барселонаға" өткеніне риза еместігін байқатып қойды

Опубликовано:

Әйгілі Лионель Мессидің "Барселонаның" сапына жаңадан қосылған франциялық футболшы Антуан Гризманнның қолын алмай қойған сәті камераға түсіп қалды. Бұл жағдай "Арсеналмен" ойын кезінде болған деп хабарлайды sports.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр. Коллаж: sports.ru
Фото: видеодан кадр. Коллаж: sports.ru: Facebook

Гризманнның ыңғайсыз жағдайға қалған сәтінің видеосы әлеуметтік желілерде тарап кеткен.

Бейнежазбадан қосалқы құрамның қасына бара жатқан франциялық аяқдопшының барша әріптестерімен қол алмасып келе жатқанын көруге болады.

Алайда, кезек Лионель Мессиге жеткенде аргентиналық жұлдыз жаңа ойыншыны байқамағандай кейіп танытып, оның қолын алмай қойған көрінеді.

Қызығы, басқа ойыншымен алмасып, қосалқы құрамның жанына баруға мәжбүр болған Гризманн дәл Мессидің қасына отырған.

Алайда, қос футболшы кездесу соңына дейін бір-бірімен тілдеспеген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1809513-messi-grizmannny-barselonaga-tkenine-riza-emestigin-bajkatyp-kojdy-video/

pixel