RU
"Біз жеңеміз": Деревянченконың бапкері Головкинмен болуы мүмкін жекпе-жек жайлы айтты

"Біз жеңеміз": Деревянченконың бапкері Головкинмен болуы мүмкін жекпе-жек жайлы айтты

Рассказать Вконтакте

Украиналық кәсіпқой боксшы Сергей Деревянченконың бапкері Андре Розье шәкіртінің қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен болатын жекпе-жекке қалай дайындалатынын айтты деп хабарлайды Sports.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Головкин мен Деревянченко 5 қазан күні Нью-Йоркте жекпе-жекке шығуы мүмкін. Боксшылар IBF-тің орта салмақтағы бос тұрған әлем чемпионы титулы үшін кездесетіні айтылды.

Айқас өтетін болса, Розьенің Головкинмен үшінші рет жолы қиылысады.

Бұған дейін бапкер Кёртис Стивенс пен Дэниэл Джейкобсты қазақстандық боксшыға қарсы жекпе-жектерге дайындаған.

"Бұл Сергейдің өміріндегі ең үлкен жекпе-жек болады. Сол себепті біздің команда бүкіл назарды соның жаттығу лагеріне аударады. Бәріміз бірге жұмыс жасай отырып, Сергейге GGG-ді жеңуге қажетті жаттығуларды үйретеміз деп сенемін", - дейді Розье.

Ол Головкин екі кездесуде де Сауль Альваресті жеңді деп санайтынын алға тартты.

"Менің көзқарасым бойынша, GGG – жеңілмеген боксшы. Әлемдегі көптеген адамдар сияқты мен де "Канеломен" өткізген екі айқасында да Головкин жеңді деп санаймын.
Ол жойқын боксшы, бірақ Сергей де мықты. Оның жеңетініне сенемін. Сергей Головкин пайдаланатындай көп қателік жібермейді. Оның үстіне ол тың боксшы. Осының бәрі Сергейдің IBF тұжырымы бойынша жаңа әлем чемпионы болуына жол ашады деп ойлаймын.
Бапкер ретінде бұған дейін екі рет Головкинді жеңуге әрекет етіп көрдім. Үшіншіде бұған қол жеткіземін деп сенемін", - дейді Розье Boxingscene.com басылымына берген сұхбатында.

Айта кетейік, Головкин Деревянченкомен келіссөздің өтіп жатқанын растаған болатын.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
2
0
5
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel