RU
Алматы облысында өрт сөндіру кезінде қаза тапқан ер адамның артында бес баласы қалды

Алматы облысында өрт сөндіру кезінде қаза тапқан ер адамның артында бес баласы қалды

Рассказать Вконтакте

Алматы облыстық әкімдігі тілсіз жаудың салдарынан қайтыс болғандар мен зардап шеккендер туралы айтып берді. Панфилов ауданындағы өртті сөндіру кезінде қайтыс болған азаматтың бірі көп балалы әке болған деп хабарлайды Zakon.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: ІІМ баспасөз қызметі

Фото: ІІМ баспасөз қызметі

Алматы облысындағы дала өртінен үш адам қаза тауып, зардап шеккен жеті адам аудандық орталық клиникалық ауруханасына жеткізілді.

Бес адам амбулаториялық емделуге жіберілсе, қалған екеуі тұрақты жағдайда ауруханаға жатқызылды.

Сонымен қатар әкімдіктің баспасөз қызметі қайтыс болғандардың отбасына көмек көрсетілетінін де атап өтті.

Олардың бірі 35 жастағы ер азаматтың көп балалы әке екені белгілі болды.

Оның жұбайы мен балаларына мемлекеттік қордан тұрғын үй берілмек.

"Марқұмдар мемлекеттік наградаларға ұсынылады", - деп хабарлады әкімдік.

Сондай-ақ, екі марқұмды жерлеу рәсімі бүгін, 6 тамызда, үшінші тұрғынды 7 тамызда ақтқы сапарға шығарып салатныны анықталды.

Айта кетейік, Панфилов ауданы Талдын ауылдық округінің таулы аймағындағы өртті сөндіру барысында үш адамның қайтыс болғаны хабарланған еді.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel