Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

СҚО әкімдігі 18 млн теңгеге айрықша көлік сатып алды

Опубликовано:

Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі жалпы құны 40 миллион теңгені құрайтын бірнеше көлік сатып алды. Анықталғандай, олардың бірі 18 миллион теңге тұрады. Көліктің әйнегіне проекциялық дисплей орнатылып, салоны таза былғарыдан жасалған. Оған қоса, темір тұлпар Bluetooth арқылы басқарылады деп хабарлайды Петропавловск.news басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Kia Stinger. Фото: Pixabay.com
Kia Stinger. Фото: Pixabay.com: UGC

СҚО әкімінің әкімшілігі жалпы құны 40 миллион теңге болатын үш көлік сатып алуды жоспарлап отырғаны жайлы хабарландыру мемлекеттік сатып алу сайтында 23 мамыр күні жарияланған. Көліктердің арасында 18,4 млн тұратын Е-классты, бағасы 15,5 млн В-классты және алты млн болатын С-класс автокөліктері бар.

Сұранымдарды қабылдау 30 мамыр күні басталып, 24 маусымда сатып алу іске асқаны мәлімделді. Әкімдікке көліктерді жеткізуші ретінде лотта белгіленгеннен төмен бағаға ұсынған "Азия Авто" АҚ таңдалған.

Нәтижесінде, автокөліктер 17 033 500, 14 345 000 және 5 253 000 теңгеге сатып алынған. Басылымның хабарлауынша, "Азия Автоның" сайтында 17 910 000 теңге тұратын Kia Stinger көлігін де табуға болады.

Көлік салоны таза былғарыдан жасалып, проекциялық дисплей оның алдынғы әйнегіне орнатылған. Темір тұлпар Bluetooth басқармасы және алты динамигімен мақатана алады. Дәл осы көліктің басқа комплектациясы 14,9 млн теңгеге бағаланады. Басты айырмашылығы - кішірек көлемді және салонының қарапайымдылығы.

Анықталғандай, Солтүстік Қазақстанның мемқызметкерлері үшін оншақты көлік сатып алады. Олардың орташа бағасы шамамен төрт миллион теңгені құрайды. Тек екі көліктің бағасы он миллион теңгеден асады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1809536-sko-kimdigi-18-mln-tegege-ajryksa-klik-satyp-aldy/

pixel