RU
Алматыда құрбан шалуға рұқсат берілген орындар белгілі болды
Жаңалықтар Қоғам

Алматыда құрбан шалуға рұқсат берілген орындар белгілі болды

Рассказать Вконтакте

Алматы қалалық әкімдігі 11 тамызда басталатын Құрбан айт мерекесіне орай құрбандық шалуға арналған орындарды бекітті деп хабарлайды Қазақпарат.

Фото: Sputnik/Саид Царнаев

Фото: Sputnik/Саид Царнаев

Алматы қаласы кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында белгіленген орындардан басқа жерлерде құрбандық шалуға және мал сатуға тыйым салынатынын ескертті.

Ережеге бағынбаған жағдайда ӘҚБК 204 бабына сәйкес, ескерту жасалып, 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынуы мүмкін екені айтылды.

Егер осы құқықбұзушылық бір жыл ішінде қайталанса, 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынатыны белгілі болды.

Құрбандық шалуға рұқсат етілген орындардың тізімі төменде.

Алатау ауданында:

1. "Бекет ата" мешіті (Шаңырақ-1ы/а, Өтемісұлы көшесі, 109),

2. "Әскер ата" мешіті (Әйгерім-1 ы/а, В. Бенберин көшесі, 18 А),

3. "Мырзахмет" мешіті (Қарасу ы/а, Солтүстік айналым көшесі, 60),

4. "Алғабас" мешіті (Алғабас ы/а, Ақбөпе көшесі 2),

5. "Көк-Қайнар" мешіті (Көк-Қайнар ы/а, Жангелдин көшесі, 2 Б);

6. "Д. Қонаев" мешіті (Ақбұлақ ы/а, Қаратоған көшесі, 10).

Мал сатылатын және сою орны:

7. "Үшқоңыр" базары (Солтүстік айналым көшесі).

Әуезов ауданында:

1. "Таугүл" мешіті (Таугүл-3 ы/а, Центральная көшесі,9),

2. "Сауран-Ислам мәдени орталығы" қайырымдылық мекемесі (№2 ы/а, 20А),

3. "Таугүл" қайырымдылық мекемесі (Таугүл-3 ы/а, Центральная көшесі, 1Б),

4. "Алматы Сайран" қайырымдылық мекемесі (Өтеген батыр көшесі, 78/80).

Бостандық ауданында:

1. "Бақыткелді" мешіті (Хан Тәңірі ы/а, Дулати көшесі,27).

Жетісу ауданында:

  1. «Әл-Мадина»мешіті (Жұмысшы ауылы ы/а, (Рабочий поселок) Федоров көшесі.
  2. "Ic-commerse" ЖШС пункті (Төретай көшесі, 93 А).

Медеу ауданында:

1. "Алматы қаласының орталық мешіті" (Пушкин көшесі, 16),

2. "Райымбек батыр" мешіті (Думан ы/а, Хан тәңірі көшесі, 1),

3. "Үміт ибн әл-Хаттаб" мешіті (Таулы қырат ы/а, Жуков көшесі, 36),

4. "Фатима" мешіті (Добролюбов көшесі, 138),

5. "Аманқұл-ата" мешіті (Көктөбе ы/а, Әзірбаев к-сі, 1),

6. "Медеу" қайырымдылық мекемесі (Байтасов көшесі, 15).

Мал сатылатын орын:

7."Райымбек батыр" мешітіне қарама-қарсы, Талғар тас жолының бойында (Думан ы/а, Хан тәңірі көшесі, 1).

Наурызбай ауданында:

1. "Қалқаман" мешіті (Қалқаман-2 ы/а, Аспендияров көшесі, 84);

2. "Таусамалы" (Таусамалы ы/а, Қонаев көшесі, 2).

Мал сатылатын орын:

3. "Ди" кешені жанындағы алаң (Жандосов көшесі, 2).

Түрксіб ауданында:

1. "Қайрат" мешіті (Қайрат ы/а, Тәттімбетов көшесі).

Айта кетейік, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2019 жылы Құрбан айт мерекесі тамыз айының 11-і күні басталатынын хабарлады.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
2
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel