RU
Кайли Дженнердің үйін раушан гүлдермен көмкерген сүйіктісі елді таңғалдырды

Кайли Дженнердің үйін раушан гүлдермен көмкерген сүйіктісі елді таңғалдырды

Рассказать Вконтакте

Instagram жұлдызы Кайли Дженнер желіде мыңдаған раушан гүлдермен көмкерілген үйінің видеосын жариялады. Мұндай ерекше тосын сыйды танымал аруға сүйіктісі әйгілі рэпер Трэвис Скотт жасаған. Ер адам ғашығын осылайша туған күнімен құттықтаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр.Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: видеодан кадр.Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Ким Кардашьянның сіңлісі сүйіктісінің естен кетпес тосын сыйын Instagram парақшасында жариялаған. Бейнежазбадан Кайлидің үйі қызыл түсті раушан гүлдерге толы екенін байқауға болады.

Оған қоса, видеода танымал ару мен рэпердің бір жарым жасар қызы да байқауға болады. Шторми есімді бүлдіршін де әкесінің сыйына таңырқап қалған.

Бейнежазба соңында Кайли сүйіктісі қалдырған хатты көрсетті. Онда Трэвис ғашығына өз тілегін жазған.

"Туған күніңмен. Біз ендң ғана бастадық. Мен сені жақсы көремін" , - деп жазған рэп орындаушысы.

Сіздің реакцияңыз
0
2
0
0
0
12
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel