RU
Головкин мен Альварес сотқа жүгінбекші
Жаңалықтар Қоғам

Головкин мен Альварес сотқа жүгінбекші

Рассказать Вконтакте

Мексикалық боксшы Сауль Альварес өз мүддесін қорғайтын Golden Boy Promotions компаниясымен соттасуға ниетті. Өз кезегінде Геннадий Головкин "Канеломен" үшінші жекпе-жек ұйымдастыруға міндеттелген DAZN стриминг қызметіне қарсы шара қолдануға бекініп отыр деп хабарлайды Sports.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Дереккөздің мәліметінше, екі тараптың да үшінші жекпе-жекке қатысты наразылығы бар.

Мексикалық бұл жекпе-жекті өткізуден бас тартып, өз промоутерлерімен мәселені шешу үшін сотқа жүгінбекші болған.

Белгілі болғандай, Golden Boy Promotions Альварестің келісімін алмай тұрып, DAZN-ның телесеріктесіне үшінші жекпе-жекті өткізуге келісім беріп қойған. Алайда, мексикалық боксшы Головкинмен жұдырықтасудан үзілді-кесілді бас тартқан.

Ал Геннадий Головкин өз кезегінде, заңгерлердің көмегіне жүгініп, DAZN стриминг қызметіне қарсы шара қолдануға ниетті. Олар боксшыға "Канеломен" үшінші жекпе-жек ұйымдастыруға уәде берген. Алайда, әзірге ешбір нәтиже көрсетпеген.

Gabeoppenheim.com порталының мәліметінше, DAZN Головкинмен жасаған келісім шартына сәйкес "Канеломен" үшінші жекпе-жек ұйымдастырып беруге міндеттелген.

Сіздің реакцияңыз
5
0
0
0
6
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel