RU
Мессиге өлім тілеген футболшы "Барселона" клубына ауысты
Жаңалықтар Спорт

Мессиге өлім тілеген футболшы "Барселона" клубына ауысты

Рассказать Вконтакте

Каталониялық "Барселона" клубы құрамын жаңа ойыншымен толықтырды деп хабарлайды Prosports.kz.

Испания чемпиондарына 22 жастағы "Бетис" сапында доп тепкен қорғаушы ауысты.

Каталониялық клуб Хуан Фирпо үшін 18 миллион еуро қаржы жұмсаған.

Бір жыл бұрын ойыншыға "Манчестер Сити", "Манчестер юнайтед", "Реал" сияқты алпауыт клубтар қызығушылық танытқан.

Айта кетейік, Фирпо кезінде "Барселонаның" капитаны Лионель Мессиге түрлі жағымсыз пікірлерін жаудырған.

Футболшы: "Месси, сенің аяғыңды сындаратын бір жынды кездесетініне сенемін", "Месси — иттің баласы", "Мессидің жарақат алып қалғаны қандай жақсы болды. Ол тезірек өлсе екен" деген секілді сөздерді 16 жасында жазған Джуниор енді барынша ақталып бағуда. 
"Сол кезде менің ең жақсы досым Мессидің жанкүйері болған. Досымды жындандыру үшін Месси туралы осындай жаман сөздерді жаздым.
Әрине, Месси-әлемдегі ең үздік ойыншы. 16 жаста не жасап, не қойғаныңды білмейсің. Мұндай қылықтар болашақта сенің өміріңе әсер етеді екен. Егер менің твитім біреуді ренжітсе, одан кешірім сұраймын", - деді Джуниор AS порталына берген сұқбатында.

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
1
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel