RU

Нұр-Сұлтанда өрт туралы хабар таратқан тілшіге кедергі жасалды (видео)

Бүгін, 6 тамызда Нұр-Сұлтанда танымал "Мельница" рестораны өртке оранды. "Хабар 24" телеарнасының тілшісі тікелей эфирде оқиғаның мән-жайын толығырақ айтуға тырысқанымен, алайда білгісіз ер адам оған кедергі келтірген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Видеодан кадр
Видеодан кадр: Instagram

Ер адам мемлекеттік телеарнаның тікелей эфирін бұзуға сәл қалған.

Эфир барысында тілші оқиғаның анық-қанығын хабарлауға тырысқанымен, алайда өзін өртке оранған "Мельница" ресторанының өкілімін деп таныстырған жан репортердің жұмысына кедергі келтірген.

Кадрдан белгісіз ер азаматтың тілшінің жанында айналшықтап жүргенін, микрофон шнурын басып кеткенін байқауға болады.

Тілші бейтаныс ер адамнан түсірілімге кедергі келтірмеуін сұрағанымен, бірақ ол журналистің өтінішіне құлақ аспаған.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері мән-жайды анықтауға уәде берді.

Айта кетейік, "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Заңның 25 бабы 3 тармағына сәйкес журналистің заңды кәсіби қызметіне кедергі келтіргені үшін жауапкершілік қарастырылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1809584-nr-sltanda-rt-turaly-habar-taratkan-tilsige-kedergi-zasaldy-video.html