Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда танымал психологты ұрып-соққан күдікті қамауға алынды

Опубликовано:

Алматыда психолог Светлана Божконы ұрып-соққан адам 2 айға қамауға алынды деп хабарлайды Tengrinews.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Светлана Божко. Фото: Facebook/Светлана Божко/Диана Снегина
Светлана Божко. Фото: Facebook/Светлана Божко/Диана Снегина: Facebook
"Психолог Светлана Божконы ұрып-соғу ісі бойынша Сабырбаевқа қатысты 2 айға күзетпен қамауға алу туралы бұлтартпау шарасын санкциялады",- деді қалалық соттың баспасөз қызметі.

Еске сала кетсек, бұған дейін Алматыда белгісіз адамның кастетпен танымал дәрігер Светлана Божкоға өз үйінің маңында шабуыл жасалғаны хабарланған.

Әйел адам көптеген жарақттар алған. Психологтың құрбысының айтуынша, зәбір көрсеткен ер адам оның мұрнының "түгін қалдырмаған".

Сонымен қатар Светлананың танысы істің "бұзақылық" бабы бойынша қозғалғанына және күдіктінің бұрын сотталғанына қарамастан әлі тұтқындалмағанына шамданған.

Кейінірек күдікті қамауға алынды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1809598-almatyda-tanymal-psihologty-ryp-sokkan-kdikti-kamauga-alyndy/

pixel