Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтанда тілшіге кедергі келтірген белгісіз адамның кім екені анықталды

Опубликовано:

Елордалық полицейлер "Хабар 24" тілшісіне тікелей эфирде репортжын түсіруге кедергі келтірген ер адамның жеке басын анықтады деп хабарлайды Zakon.kz-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Кадр: Хабар 24
Кадр: Хабар 24: UGC

Айта кетейік, күні кеше танымал телеарна тілшісі астаналық "Мельница" мейрамханасында болған өрт орнынан хабар таратып тұрған кезде, тікелей эфирде белгісіз ер адам үнемі кадрға шығып, журналистің жұмыс істеуіне кедергі келтірген болатын.

Нұр-Сұлтан ПД түсіндіргендей, жолаушының жеке басы анықталған. Ол өзін көңіл көтеру орнының заңгері деп таныстырған. Онымен қоғамдық тәртіпті бұзуға жол бермеу туралы профилактикалық әңгіме жүргізілген.

Бұған дейін "Хабар 24" телеарнасы заңгерлерлерінің астаналық "Мельница" мейрамханасында болған өрт туралы репортажға кедергі келтірмек болған ер адамға қатысты арыз дайындап жатқанын хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1809625-nr-sltanda-tilsige-kedergi-keltirgen-belgisiz-adamny-kim-ekeni-anyktaldy/

pixel