Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жылдық табысы $29,2 млн": Әлемдегі ең бай спортшы қыздар кімдер?

Опубликовано:

Танымал Forbes журналы 2019 жылдың әлемдегі ең бай спортшы қыздардың тізімін жариялады деп хабарлайды vesti.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Серена Уильямс, Фото: abakan.bezformata.com
Серена Уильямс, Фото: abakan.bezformata.com: UGC

Басылымның мәліметінше, әлемдегі ең бай спортшы қыздардың көшін Серена Уильямс бастап тұр.

Теннисшінің жылдық табысы 29,2 млн доллар. Оның 4,3 миллионы - жүлделер, ал қалған 25-і - спонсорлық келісім-шарттар мен өзге де салалардан келген табыс.

Тізімнің алғашқы ондығын теннисші қыздар алыпты. Басқа спорт түрлерінің уәкілдерінің ішінде ең жоғарғы орынды америкалық футболшы Алекс Морган иеленді.

Оның табысы 5,8 миллионнан 12-ге бара жатыр.

Forbes тізіміне мына спортшылар кірді:

1. Серена Уильямс (АҚШ) - 29,2 миллиона доллар 2. Наоми Осака (Жапония) - 24,3 3. Анжелик Кербер (Германия) - 11,8 4. Симона Халеп (Румыния) - 10,2 5. Слоун Стивенс (АҚШ) - 9,6 (4,1+5,5) 6. Каролин Возняцки (Дания) - 7,5 7. Мария Шарапова (Ресей) - 7 8. Каролина Плишкова (Чехия) - 6,3 9. Элина Свитолина (Украина) - 6,1 10. Винус Уильямс (АҚШ) - 5,9 10. Гарбинье Мугуруса (Испания) - 5,9

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1809633-lemdegi-e-baj-sportsy-kyzdardy-rejtingi-pajda-boldy/

pixel