Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Суы қасиетті "Жылаған ата" сарқырамасы туралы не білеміз?

Опубликовано:

Түркістан облысы Кентау қаласы Қарнақ елді мекеніндегі Қаратау тауы аңызға толы мекен. Сол аңыздардың бірі - Жылаған ата сарқырамасы жайлы. Суы қасиетті саналатын жер туралы аңызды сол мекеннің шырақшысының көмекшісі баяндады деп жазады ERNUR.KZ.

Фото: ernur.kz
Фото: ernur.kz: Depositphotos

Қасиетті мекендегі шырақшының көмекшісі айтып берген аңызы бойынша, қазақ жеріне ислам дінінің келген кезде, шамамен VI-VII ғасырдың тұсында Гүрзіхан және оның жары Шаш-Ана деген кісілер өмір сүріпті.

Фото: ernur.kz
Фото: ernur.kz: Facebook

Олар өте бай-қуатты болған екен. Жастары келген ерлі-зайыптылар перзент сүймеген соң Алла Тағаладан тілеуін тілеп, құрбандық шалып, дұға етуден жалықпапты. Жылдар салып олардың тілегі қабыл болып, ана құрсағына бала біткен.

Фото: ernur.kz
Фото: ernur.kz: Facebook

Гүрзіхан түс көріп, түсінде "Месте туған баланы жармаңдар, уақыты келгенде өзі шығады" деген аян беріледі. Шаш-Ана айы-күні жетіп перзентін өмірге әкеледі.

Бірақ бала мес сияқты қабаттың ішінде дүниеге келеді. Осыған шүкіршілік еткен отбасы баланы месте алып жылдар бойы көтеріп жүріпті. Күндердің күнінде көтеріп жүруден шаршаған ана қолындағы месті жерге қатты қойғанда мес жарылып кетеді де, ішінен бала шығып, тау беткейіне қарай жүгіріп кетеді.

Фото: ernur.kz/Аңыз бойынша тауға қарай жүгірген баланың ізі
Фото: ernur.kz/Аңыз бойынша тауға қарай жүгірген баланың ізі: Facebook

Артынан қуып келе жатқан ата-анасының шөлдегенін білген бала, аса таяғымен жерді ұрғанда құдық пайда болады.

Аңыздың жалғасында тау арасына жатып алған бала ата-анасын күтіпті. Бүгінде сол жер "Ана жатыры" деп аталып кеткен.

Ата-анасы келгенде бала үңгірге қаша жөнеледі. Сөйтіп, бала үңгірге кіріп кетіпті. Әке-шешесі қанша жалынса да шықпай қойған ол "Елдеріңе оралыңдар, арттарыңа қарамаңдар" дей беріпті.

Алланың жазғаны ғой деп кетіп бара жатқан Шаш-Ана баласының жүзін соңғы рет көрейін деп артына бұрылғанда бала ғайып болып кеткен екен.

"Жылаған ата" сарқырамасына қарсы бетте "Ана жасы" тау қатпары орналасқан. Таулы қатпар үнемі намданып, одан су тамшылап тұрады екен.

Фото: ernur.kz/Бала таяғымен ұрған кезде осындай тастың бетінде осындай бейне қалып қойған
Фото: ernur.kz/Бала таяғымен ұрған кезде осындай тастың бетінде осындай бейне қалып қойған: Facebook

Фото: ernur.kz/Бала таяғымен ұрған кезде осындай тастың бетінде осындай бейне қалып қойған
Фото: ernur.kz/Бала таяғымен ұрған кезде осындай тастың бетінде осындай бейне қалып қойған: Facebook

Фото: ernur.kz/Бала ұрған жерден құдық пайда болады
Фото: ernur.kz/Бала ұрған жерден құдық пайда болады: Facebook

Фото: ernur.kz/"Ана жатыры"
Фото: ernur.kz/"Ана жатыры": Facebook

Фото: ernur.kz
Фото: ernur.kz: Facebook

Фото: ernur.kz/Аңызға сәйкес бала салмағы 100 келі шығатын тасты асықша иірген екен
Фото: ernur.kz/Аңызға сәйкес бала салмағы 100 келі шығатын тасты асықша иірген екен: Facebook

Фото: ernur.kz/"Ана жасы"
Фото: ernur.kz/"Ана жасы": Facebook

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1809635-suy-kasietti-zylagan-ata-sarkyramasy-turaly-ne-bilemiz/

pixel