Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоғыз баласы бар 96 жастағы қария мен 93 жастағы әжей үйленді (фото)

Опубликовано:

Гананың Аккра қаласында 96 жастағы атай мен 93 жастағы әже үйленді деп хабарлайды Lenta.ru-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: ghanaweb.com
Фото: ghanaweb.com: Twitter

Джейм Андорфал мен оның қалыңдығы Маргарет Мануэль 1960 жылы танысқан. Олар 50 жылдан аса бірге тұрып, тоғыз баланы тәрбилеген. Ал заңды некеге тұруды енді ғана шешіпті.

Салтанатты шара Ганадағы танымал ғибадатхана "Елуінші шіркеуде" өткен. Күйеу жігіт те, қалыңдық та шіркеуге ақ түсті киім киіп келген.

Діни қызметкер, осы тойды пайдаланып, ажырасатын жастарды сөкті. Ол жастарға ұзақ жасаған жұпты үлгі етті. Оның сөзінше, бұрынғы жұптардың некесі ұзақ болатын, өйткені олар бір бірін түсініп, барға қанағат ететін еді.

"Егер жұбайлар 50 жыл бір шаңырақ астында тұрса, демек олар бір бірін түсінеді", - дейді ол.

Айта кетейік, 2016 жылы Қытайда қарттар үйінде танысқан 114 жастағы әйел адам 71 жастағы қария некесін қидырған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1809643-96-zastagy-karia-men-93-zastagy-zej-otbasyn-krdy-foto/

pixel