RU
Петропавлда із-түзсіз жоғалған мемлекеттік қызметкердің денесі Есілден табылды

Петропавлда із-түзсіз жоғалған мемлекеттік қызметкердің денесі Есілден табылды

Рассказать Вконтакте

СҚО-да бірнеше күннен бері іздестірілген Петропавл қаласының тұрғыны 7 тамыз күні таңертең Есіл өзенінен табылды деп хабарлайды өңірдің полиция баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Солтүстік Қазақстан облысының ПД баспасөз қызметі

Фото: Солтүстік Қазақстан облысының ПД баспасөз қызметі

7 тамыз күні таңертең Есіл өзеніне жақын бөгет маңынан полиция қызметкерлері із-түзсіз жоғалған 1990 жылғы Салықов Сағындық Ерденұлының денесін тапқан.

Ер азаматтың денесінен зорлық-зомбылық белгілері анықталмаған.

Оның денесі сот-медициналық сараптамасына жіберілді. Марқұмның орналасқан жері үшінші тамыздан бері белгісіз болған.

Соңғы рет Хименко-Набережная көшелері ауданындағы сауда үйінің бейнебақылау камералары оны Есіл өзенінің жағасына қарай бет алғанын түсіріп қалған.

Естеріңізге сала кетейік, 6 тамыз күні Сағындық Салықовтың мемлекеттік қызметте жұмыс істегендігі белгілі болды, ал жоғалған күні оның қолында қомақты қаржы болған.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel