RU
"Сокровенное" телехикаясының кейіпкерлері мен желісі жайлы не білесіз?
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

"Сокровенное" телехикаясының кейіпкерлері мен желісі жайлы не білесіз?

Рассказать Вконтакте

"Сокровенное" телехикаясы 2019 жылы қалың көрерменге жол тартты. Дарын, өнерлі актерлерден құрылған телехикая алғашқы бөлімдерінен-ақ киносүйер қауымның жүрегін жаулай алды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: kino-teka.com

Фото: kino-teka.com

2019 жылдың ең үздік тележобаларының бірі - "Сокрованное" телехикаясы. Хикая желісі бойынша, Джейлан қарапайым отбасынан шыққан ару. Анасына көмектесу мақсатында ол Түркияның белді әулеттің қызметшісі болып жұмысқа кіреді. Дәулетті отбасының ерке мұрагері Тайлан қызды бір көргеннен ұнатып, оны өзіне тиесілі етпек болады. Алайда оның алдында бір ғана кедергі бар. Ол - Джейланның сүйіктісі - Омер.

"Сокровенное" телехикаясының кейіпкерлері

Биран Дамла Йылмаз

Дамла Йылмаз 1997 жылы Түркияның Гебзе қаласында дүниеге келген. Актриса қазіргі уақытта консерваторияда білім алуда. Диланның отбасы шығармашылықтан ада емес. Сылқымның ата-анасы актерлік салады қызмет еткендіктен, бойжеткен олардан үлгі алып, тәжірибе жинап отырған.

Биран актрелік саалада 14-15 жасынан бастап қызмет ете бастады.

"Обиженные цветы" телехикаясы бойжеткеннің жұлдызын жағып, оны тек Түркияға ғана емес, сондай-ақ көршілес мемлекеттерге де танымал еткен.

Кино әлемінде тәжірибесі аз болса да, ару өте дарынды. Экран алдындағы алғашқы жұмысы көпшіліктің көңілінен шыға алды.

Ол ең алғаш рет 2011 жылы танымал "Великолепный век" телехикаясында Сұлтанның сүйікті әйелдерінің бірінің рөлін сомдаған.

Ал 2015 жылы "Обиженные цветы" хикаясына түскен. Аталған жоба қалың көрерменге жол тартқаннан кейін актрисаны көпшілік тани бастаған.

2019 жылы Биран "Сокровенное" телехикаясында Джейлан есімді қыздың рөлін сомдайды. Желі бойынша, жағдайы төмен отбасынан шыққан аруға Тайлан есімді жігіт ғашық болады.

Арас Айдын

Арас Айдин 1989 жылы Ескішехир қаласында дүниеге келген. Арас - театр мен кино әлемінің танымал актері. Стамбұл университетінің Мемлекеттік консерваториясын тәмамдаған. Біраз уақыт бойы сәнқой болып жұмыс істеген.

Актер 2010 жылы "Ogretmen Kemal" телехикаясында басты рөлдердің бірін сомдады. Алайда Арасқа кең танымалдықты "Вишневый сезон" телехикаясы алып келді. Жігіт жобада екінші деңгейлі рөлді сомдаса да, көпшіліктің көңілінен шыға алды.

2016 жылы "Любовь назло", "Давай расстанемся" және "И парень наш, и девушка тоже" хикаясына шақырту алған.

2019 жылы "Сокровенное" телехикаясында басты рөлді сомдады. Желі бойынша, ол Джейланның сүйіктісі болып ойнайды.

Озгюр Чевик

Озгюр Чевик 1981 жылы Анкарада туған. Ол Түркияда тек актер ретінде ғана емес, әнші ретінде де кең танымалдыққа ие. Ол бес жасына дейін Стамбұлда тұрып келген.

1999 жылы Стамбұлға қайтып оралып, Стамбұл университетіне әдебиет факультетіне түскен. Оқуын тек 2007 жылы тәмамдады.

Актер "Зять иностранец" телехикаясынан кейін кең танымалдыққа ие болды. 2014 жылы Озгюр "Вишневый сезон" телехикаясында басты рөлдердің бірін сомдады. Ал 2015 жылы "Обиженные цветы" хикаясына түсті.

2018 жылы актер "Почта Дудуллу" және "Осколки души" атты екі жобаға қатысты.

2019 жылы Чевик "Сокрованное" хикаясында дәулетті отбасының мұрагері Тайланның рөлін сомдайды.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel