RU
Жақында босанған Альбина Шардарова тойға шығып, қыз ұзата бастады (видео)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Жақында босанған Альбина Шардарова тойға шығып, қыз ұзата бастады (видео)

Рассказать Вконтакте

Маусымның сегізі күні тұнғышын дүниеге алып келген Альбина Шардарова тойларға шығып, қыз ұзата бастады. Желіде отандық әншінің орындауындағы сыңсудың видеосы тарап кетті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Танымал актер Бауыржан Сатовтың жары жақында ғана қызын босанғанына қарамастан өнерін шетке ысыруды жоспарламайтын көрінеді. Альбина Шардарова аналық қызметін шығармашылығымен сәтті үйлестіре алатынын тағы бір мәрте дәлелдеді.

Instagram парақшаларында тарап кеткен бейнежазбада әншінің қыз ұзатуда дәстүрлі түрде айтылатын сыңсуды орындап жатқаны көрініс тапқан.

Жас ананың тойға шыға бастағанына қатысты желідегілердің пікірі екіге бөлінді. Бірі өнері мен аналық қызметін қатар алып жүрген аруға тәнті болса, енді бірі оның бұл қылығына наразылығын білдіруде.

"Даусы керемет, бірақ ән онша емес екен", "Альбина жарайсың, жата бермеу керек. Үнемі еңбектенген қажет" , "Пысық қыз" , "Ақша жетпейді ма? Босанғаны кеше ғана, перзентіне қарау керек қой", "Даусы ерекше, ұзатуға шыққанын жақсы болды", "Әдетте қызды өнегелі, көпті көрген кісі ұзатады. Қазір заман не болып кетті", "Құлаққа жағымды, керемет ән", "Бөпесіне қарамай, тойға шығып кеткені дұрыс болмады" , "Босандым деп жата беру керек пе? Дұрыс бәрін үлгеру керек бұл заманда" , - деп жазуда көпшілік.

Айта кетейік, Бауыржан Сатов пен Альбина Шардарова сегізінші маусым күні ата-ана атанған болатын. Өнер иелері қызының атын Жасмин деп қойған.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
1
7
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel