Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қайрат Мырзахановтың туған күніне әйелі естен кетпес тосынсый жасады (видео)

Опубликовано:

"Меломен" тобының мүшесі Қайрат Мырзаханов бірінші тамыз күні 34 жасқа келді. Бұл күні өнер иесін ерекше тосынсыйлар мен құттықтаулар күткен. Әншінің жары сүйіктісін алғашқылардың бірі болып құттықтап, оған естен кетпес кеш ұйымдастырған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мырзахановтың жары оның барша жақын достарын жинап, Алматының қымбат мейрамханаларының бірінде оған ерекше тосынсый жасаған.

Мұндай ерекше құттықтауды күтпеген әнші қатты таңғалып қалған.

"Меломендік" жігіт өзін туған күнімен құттықтау сәтін Instagram парақшасында жариялаған.

Видеодан қолдарында шарлары бар көпшіліктің өнер иесін құттықтап, жайылған дастархан басына жайғасып отырғанын көруге болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1809716-kajrat-myrzahanovty-tugan-knine-jeli-esten-ketpes-tosynsyj-zasady-video/

pixel