RU
Қашқын атанған Бакиевтің мерейтойынан видео пайда болды
Жаңалықтар Калейдоскоп

Қашқын атанған Бакиевтің мерейтойынан видео пайда болды

Рассказать Вконтакте

Желіде Қырғызстанның бұрынғы президенті Құрманбек Бакиевтің 70 жасқа толу мерейтойын тойлап жатқан видеосы пайда болды деп хабарлайды barometr.kg-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: РИА Новости

Фото: РИА Новости

Белгілі болғандай, елден қашқан саясаткер Минскіге қоныс аударған. Мерейтойын да сол жерде өткізген.

Желіде жарияланған кадрларға қарап туған күннің кең ауқымда аталып өткенін байқауға болады. Экс-президентті мерейтойымен құттықтауға Өзбекстанның әйгілі "Ялла" тобы келген. Топтың жетекшісі Фаррух Закиров туған күн иесіне тілегін айта отырып, 100 жылдық мерейтойына шақыруды ұмытпауын өтінді.

Саясаткердің мәлімдемесіне сүйенсек, Қырғызстандағы революция кезінде оны Белорусияға Александр Лукашенконың өзі шақырған. Кейін ол отбасымен бірге 2010 жылы Минскіге қоныс аударды.

Сіздің реакцияңыз
4
1
2
0
0
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel