Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қыз балаға есім іздеген Жазира Байырбекова елді қызықтырып қойды

Опубликовано:

Жазира Байырбекова өз оқырмандарынан қазақ қызының ең әдемі есімдерін таңдап беруді сұрап, көпшілікті қызықтырып қойды. Желі қолданушылары бұған дейін әншінің қызды болғаны жайлы тараған қауесеттің рас болуы мүмкін екенін болжады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қазақ қызына есім іздеген Жазира Байырбекова ел арасында қызу талқыға түсті.

Көпшілік бұған дейін жұлдызды жұптың екінші мәрте ата-ана атанғаны жайлы ақпараттың рас екеніне сене бастаған.

Шоу-бизнес жұлдызы есім таңдауға қатысты өтінішін Instagram парақшасында білдірген.

Айта кетейік, бұған дейін Жазира Байырбекованың қызды болғаны жайлы ақпарат шықты. KAZ.NUR.KZ тілшілері жағдайдың мән-жайын анықтамақ болып, әншінің көмекшісіне хабарласқан болатын.

Ол өз кезегінде, бұл жайтты не растаған да, не жоққа шығарған да жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1809734-kyz-balaga-esim-izdegen-zazira-bajyrbekova-eldi-kyzyktyryp-kojdy/

pixel