Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қабулда жарылыс болып, 18 адам қаза болды

Опубликовано:

Бүгін таңертең Ауғанстан астанасы Қабулда жарылыс болып, кем дегенде 18 адам қаза тапты деп хабарлайды tass.ru-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Reuters/Mohammad Ismail
Фото: Reuters/Mohammad Ismail: Facebook

Тағы 100-ден астам адам жарақат алған. Басым бөлігі – бейбіт тұрғындар, олардың арасында әйелдер мен балалар да бар.

TOLONews телеарнасының мәліметі бойынша, теракт Қабулдың батысындағы полиция учаскесіне жақын маңда орын алған. Жарылғыш заттармен жабдықталған автокөлік халық көп шоғырланған аумақта көкке ұшты.

Бұл жарылысқа жауапкершілікті "Талибан" радикалды қозғалысы өз мойнына алып отыр. Белгілі болғандай, лаңкестер полиция учаскесін жаруды көздеген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1809742-kabulda-zarylys-bolyp-18-adam-kaza-boldy/

pixel