Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еңбекті қалай қауіпсіз етуге болады: әлемдік үздік тәжірибелер

Опубликовано:

Жұмысшылардың денсаулығын нығайту, олардың кәсіби өмірін ұзарту, экономикалық шығындарды азайту және жұмыс өнімділігін өсіру – мұның бәрі мемлекеттің республикалық деңгейдегі алға қойған міндеті саналады. Алайда, мұны жүзеге асыру тек жұмыс берушіге ғана емес, сонымен қатар қызметкерге де тікелей қатысты.

Еңбекті қалай қауіпсіз етуге болады: әлемдік үздік тәжірибелер
Сурет: Unsplash.com: Facebook

Жұмыс орындарында жарақат алу және қайтыс болу сынды жағдайлар әрқашан кездесіп келеді. Миллиондаған адам мысыр пирамидасын тұрғызу шағында, сәулет құрылыстарын, әлемнің небір ғажайыптарын салу кезінде қаза тапты. Бұл мемлекеттің экономикасына кері әсер ететін, ең бастысы адам өмірін жалмайтын жаһандық деңгейдегі үлкен мәселеге айналды. Содан болар уақыт өте келе жұмысшыларға арналған еңбекті қорғау тәртібі пайда бола бастады.

Осыған орай, әлем елдері еңбек қауіпсіздігі саласы бойынша мамандардың жарақаттану көрсеткішін нөлдік пайызға түсіру үшін көптеген амал-айла ұсынды. Қазіргі уақытта қауіпсіздікті қамтамасыз ету қиынға түсіп жатыр. Дегенмен статистикалық мәліметтерге сүйенсек, жұмыс орнында зардап шеккендер мен жарақат алғандардың саны айтарлықтай төмендеп келеді.

Эксперттердің айтуынша, барлық жұмыс берушілердің міндеті – өндірістегі жұмысшылар тәртібін өзгерту, әр қадамның қауіп-қатерін бағалауға үйрету және ықтимал салдарын болжау. Көптеген компаниялар жазалау жүйесінен бас тартқан. Танымал тәжірибелер кеңейтудің әлдеқайда тиімді екенін көрсетіп отыр.

Әлемде денсаулық сақтау жүйесі де кеңінен танымал. Осы ретте, дәрістер мен сұхбаттармен қатар, қызметкерге арналған дене шынықтыру минуттары, спартакиядалар, кросстар және басқа да бұқаралық іс-шаралар өтіп тұрады. Осыған орай, бағдарламалардың орындалуы мен үздіксіз принципі жұмыс уақытында да, жұмыстан тыс уақытта да маңызды фактор саналады.

Қауіпсіздік мәдениетінің әдіс-тәсілдеріне тоқталатын болсақ, әлемде оның мынадай түрлері бар: коммуникациялық («Қауіпсіздік минуттары» деп аталатын басшылардың өтініштері); еліктіретін (басқарушылардың интервенциясы) және мотивациялық тәжірибелер (қауіпсіздік кепілдігі үшін марапат). Бірақ бұл әдістердің қайсысы тиімді екенін бағалау мүмкін емес, өйткені оған ықпал ететін өзге де факторлар бар. Мысалға, жұмыс күнінің ұзақтығы, ауа температурасы, жұмысшыға әлеуметтік қысым сынды жағдайларды айтсақ болады.

Халықаралық еңбек ұйымы ауқымды конференциялар мен дөңгелек үстелдерде жаһандық мәселелер көтеріп келеді. Зерттеуде нәтижесі «терең өзгеріске жету үшін күш-жігерді үздіксіз арттыру қажет» дейді. Мәселен, «2019 жылы Халықаралық еңбек ұйымының еңбек саласының болашағы туралы 100 жылдық декларациясында» «тұрақты дамудың мақсаты – кедейлікті жою және барлық жұмысшылардың мүдделерін қамтамасыз ету» делінген.

Айта кетерлігі, бірінші ұсыныс кәсіпорын басшысының жеке мысалы болуы тиіс. Мәселен, еліміздегі кейбір компания басшылары «стоп-карт» деп аталатын тәсіл енгізген. Ол бойынша қызметкер қажет болған жағдайда еңбек процесін тоқтатуға құқылы. Сондай-ақ, жыл сайынғы Қауіпсіздік күнінде кейбір командалар еңбекті қорғау стандарттарын білу бойынша сайысқа түседі. Бұл ең алдымен жұмысшыларға қауіпсіздік қажет екенін түсіндіруге көмектеседі.

Бұған қоса, тоғызыншы жыл қатарынан «KIOSH» жобасы жүзеге асып келеді. Бұл – Қазақстандағы еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы алғашқы конференция және көрме. Бұл шара ондаған халықаралық және отандық компанияға осы саладағы жаңа жабдықтар мен технологияларды көрсетуге мүмкіндік береді.

Қорыта айтар болсақ, еңбек қауіпсіздігі үшін ұжымдық тұтастық, күштердің бірігуі және сарапшылар пікірі қажет. Үздік тәжірибелерді оқып, оны қолдану мемлекетке еңбекке жарамды халықтың денсаулығын сақтауға және жарақаттануды болдырмауға ықпал етеді. Кәсіподақтардың, жұмысшылардың және жұмыс берушілерінің ортақ күштері әсерінен еңбек әлемі өзгеріп жатыр. Соның арқасында әр елдегі жарақаттану көрсеткіші нөлдік дәрежеге түсетін болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1809743-ebekti-kalaj-kauipsiz-etuge-bolady-lemdik-zdik-tziribeler/

pixel