Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жаңа оқу жылында мектеп оқушыларын қандай өзгерістер күтіп тұр?

Опубликовано:

Қазақстанның білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов 2019-2010 оқу жылында мектеп оқушыларын қандай өзгеріс күтіп тұрғанын мәлімдеді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Көрнекі фото: pixabay
Көрнекі фото: pixabay: Facebook

Басылымның мәліметінше, осы жылдың 1 қыркүйегінен бастап 4, 9 және 10-сынып оқушылары жаңартылған мектеп бағдарламасына көшеді.

Аймағамбетов оқушылар айтарлықтай өзгерісті сезінбейтінін жеткізді.

"4-сынып оқушылары жаңартылған бағдарламамен таныс. Себебі 1-сыныптан бері сол бағдарламамен оқып жатыр. Оқу бағдарламалары бекітілген, балалар әр сыныпқа көшкен сайын жаңа бағдарламаны меңгереді", - деді министр.

Басылым 10-сынып оқушылары үшін "Кәсіпкерлік және бизнес негіздері" пәні қосылатынын жазды.

Министрлік бұл пәнді оқыту оқушыларының алдағы уақытта мамандықты дұрыс таңдауына көмектесетініне сенімді екенін жеткізген.

12 жылдық орта білім беруге 2021-2022 оқу жылдарынан көшу жоспарланып отырғаны белгілі болды.

Бағдарлама бекітілген соң, оқу жоспары мен мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына тиісті өзгеріс енгізілетіні айтылды.

Бұл жүйеге көшу барысында бастауыш сыныптарда оқу мерзімі бір жылға ұзартылады (1-5 сыныптар).

Негізгі орта және жалпы орта білім беру мерзімі өзгермейді.  

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1809747-zaa-oku-zylynda-mektep-okusylaryn-kandaj-zgerister-ktip-tr/

pixel