Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Аса ауыр қылмыс": Тұрғымбаев пойыздағы зорлық оқиғасына пікір білдірді

Опубликовано:

ІІМ басшысы Ерлан Тұрғымбаев ел арасында шу тудырған пойызда зорланған жолаушы қыз оқиғасына байланысты тағайындалған жаза туралы пікір білдірді. Министр қазақстандық заңнамада зорлық әрекеттер үшін берілетін жазаның жетерлік жоғары деңгейі жайлы түсіндіріп өтті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ерлан Тұрғымбаев. Фото: ІІМ баспасөз қызметі
Ерлан Тұрғымбаев. Фото: ІІМ баспасөз қызметі: UGC
"Зорлық оқиғаларына қатысты бізде барлығы нормативті түрде тіркелген. Онда бірінші бөлім, екінші бөлім, топтық, ауырлататын мән-жайлар бар. Онда жазалау шаралары аса ауыр.
Бар болғаны әрбір оқиғаны жеке-жекеден қарастыру қажет. Сол себепті, дәл қазір ауыр (жазаланып жатқандары) әлде жеңіл екенін айту екі түрлі ой тудыруы мүмкін" , - деді министр.

Қылмыстық кодекс бойынша зорлық әрекеттер орташа дәрежелі қылмыс болып есептеледі.

Тұрғымбаевтың пікірінше, зорлау - ауыр қылмыс.

"Бұл жағдай адамның конституциялық құқығын бұзады. Ол азамат болсын, әйел адам болсын. Бұл қылмыс кез келген адамның жеке бостандығына қол сұғушылық болып табылады. Бұл ар-намысты қорлайды" , - деді ІІМ басшысы.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың 26 қыкүйегінде жолаушыны зорлаған "Тальго" пойызының жолсерітерін сот 2,5 жылға бас бостандығынан айырды. Аталған факті қазақстандықтардың ашуын шақырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1809756-asa-auyr-kylmys-trgymbaev-pojyzdagy-zorlyk-okigasyna-pikir-bildirdi/

pixel