RU
Тоқаев Арыстағы жағдай үшін Жасұзақовты Қарулы күштер жүйесінен шығарды

Тоқаев Арыстағы жағдай үшін Жасұзақовты Қарулы күштер жүйесінен шығарды

Рассказать Вконтакте

Мемлекет басшысы Арыста орын алған қайғылы жағдай үшін бұрынғы қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақовты Қарулы күштер жүйесінен шығарды. Оған қоса, тағы үш лауазымды тұлғаға қатаң сөгіс жарияланды деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Сәкен Жасұзақов. Фото: ult.kz

Сәкен Жасұзақов. Фото: ult.kz

"Президент өкімімен өзіне жүктелген міндеттерді тиісті деңгейде орындамағаны және қару-жарақ пен оқ-дәрілердің қауіпсіздігін және сақталуын қамтамасыз ету жұмысындағы, қару-жарақ пен оқ-дәрілерді сақтау объектілерін көшіру және орналастыру бағдарламасын іске асыру кезіндегі елеулі кемшіліктері, соның салдарынан Арыс қаласында орналасқан әскери бөлімшедегі қару-жарақтың жарылуына және қалада адам шығынына ұшыратқан ауқымды апатқа жол бергені үшін:

1. Қазақстан Республикасы қорғаныс министрі болып қызмет атқарған Сәкен Әділханұлы Жасұзақов Қазақстан Республикасының қарулы күштері жүйесінен шығарылды.

2. Келесі лауазымды қызметкерлерге:

Қазақстан Республикасы қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы Мұрат Кәрібайұлы Бектановқа;

Қазақстан Республикасы қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы қарулы күштері бас штабының бастығы болып қызмет атқарған Мұрат Жәлелұлы Майкеевке;

Қазақстан Республикасы қорғаныс министрінің орынбасары болып қызмет атқарған Талғат Жеңісұлы Жанжүменовке қатаң сөгіс жарияланды", - делінген ресми хабарламада.
Сіздің реакцияңыз
1
1
0
0
5
8
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel