Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мәскеудегі белгілі тамақ комбинаты Киркоровты сотқа берді

Опубликовано:

"Кремлев" тамақтандыру комбинаты әнші Филипп Киркоровты сотқа берді. Арызды Мәскеудің арбитражды соты тіркеген деп хабарлайды РИА Новости-ге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: РИА Новости/Руслан Кривобок
Фото: РИА Новости/Руслан Кривобок: Facebook

Шағымданушылар әншіден 82 мың рубль өндіріп алуға ниетті. 1 тамызда түскен арыз жеңілдетілген тәртіпте қаралады.

Яғни процесске тараптар шақырылмайды және сот отырысы өтпейді. Арыз беруші мен жауапқа тартылушы барлық құжаттарды жазбаша түрде ұсынуы тиіс.

Ресейдің президент істерін басқару баспасөз хатшысы Елена Крылова мәлімдегендей, бұл арыз былтыр Кремльдегі концерттерге дайындық кезіндегі Киркоровтың труппасын тамақтандыруға кеткен шығынның төленбеуіне байланысты түсіп отыр.

"Труппа мүшелерін азық-түлікпен қамтамасыз ету жөнінде шарт жасалған. Көрсетілген қызмет үшін қарызды төлеу жөніндегі актілер бір жыл көлемінде жіберіліп тұрды. Алайда, қарыз төленбеді", – дейді Елена Крылова.

Ал Киркоровтың ұжымы техникалық персоналдың тамақтануына жұмсалған шығынды әнші төлеп бергенін алға тартты.

Олардың айтуынша, кейіннен 80 мың рубльге қосымша есеп-шот келген, алайда, комбинат өкілдері ол ақшаның қайдан шыққанын түсіндіріп бере алмаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1809780-mskeudegi-tanymal-tamak-kombinaty-kirkorovty-sotka-berdi/

pixel