Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында 19 жастағы жүкті келіншек жоғалып кетті

Опубликовано:

Алматы облысындағы Іле ауданында 19 жастағы жүкті келіншек жоғалып кетті. Анасы Роза Шевченконың айтуынша, Дана Цейзер колледжді тәмәмдап, қалаға дипломын алуға кеткен. Алайда, ол оқу орнына дейін жетпеген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Дана Цейзер күйеуімен. Фото: отбасылық мұрағаттан
Дана Цейзер күйеуімен. Фото: отбасылық мұрағаттан: Getty Images

Анасының сөзінше, Дана ГРЭС-тегі үйінен бесінші тамыз күні таңертең шығып кеткен. Ол Саяхатқа бармақ болыпты.

Бойжеткен кондитер мамандағы бойынша оқыған, алайда денсаулығы салдарынан дипломын уақытылы ала алмаған. Оған қоса, Дана жүктіліктің алтыншы айында екені белгілі болды.

Розаның айтуынша, оның қызын бір бойжеткенмен көрген. Ол Дананың құрбысы болуы мүмкін.

Жас келіншек әдетте атасы мен апасының зейтақысын банкоматтан шығарып алып жүрген екен. Бұл жолы да ол Алматыға аттанбас бұрын зейнетақыны алған.

Анасының сөзінше, Дананың қолында 130 мың теңге болған көрінеді.

"Түстен кейін, сағат төрт шамасында әжесі дабыл қақты. Дана әлі үйге келмеген. Біз оған телефон соқтық. Бірақ, оның ұялы телефоны әлі де сөніп тұр. Колледжге де хабарластық. Олар Дананың онда бармағанын айтып, дипломды ешкім алып кетпегенін жеткізді.
Дана күйеуімен және менің ата-анаммен тұрады. Ол тіпті, бес минутқа кешіксе де ескертіп жүретін" , - деді Роза Шевченко.

Дана Цейзер ақ футболка мен көк түсті шалбарда болған.

  • Бойжеткеннің бойы 165 см, қоңыр көзді, шашының ұзындығы иығына дейін, шашы қара түсті болған. Оның аяғы ауыр.

Дананың анасы оны көрген немесе қайда екенінен хабардар адамдарды 8-705-806-52-52 нөмірі бойынша хабарласуын сұрайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1809781-almaty-oblysynda-19-zastagy-zkti-kelinsek-zogalyp-ketti/

pixel