Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Халықтың тұрмыс сапасын арттыру": Тоқаев Болат Бақауовқа тапсырма берді

Опубликовано:

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовты қабылдады деп хабарлайды Ақорда.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Болат Бақауов. Фото: Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Болат Бақауов. Фото: Ақорда: UGC

Кездесу барысында президентке аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының биылғы 7 айдағы көрсеткіштері туралы мәлімет берілді.

Сондай-ақ, облыс әкімі мемлекет басшысына өңірде жаңа жұмыс орындарының ашылуы, инвестициялық және индустриялық жобалардың, "Нұрлы Ертіс" бағдарламасының жүзеге асырылуы туралы баяндады.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев аймақтағы суармалы жерлердің аумағын ұлғайту, халықтың тұрмыс сапасын арттыру бойынша бірқатар нақты тапсырма берді. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1809796-halykty-trmys-sapasyn-arttyru-tokaev-bolat-bakauov-tapsyrma-berdi/

pixel