Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БАҚ: Қырғызстан ҰҚК Атамбаевты ұстау операциясы басталғанын хабарлады

Опубликовано:

Қырғызстан мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті елдің бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевты ұстау операциясын арнайы жасақ күштері жүргізіп жатқанын хабарлады деп жазады Азаттық.

Кадр facebook.com/maitikeev видеосынан алынған
Кадр facebook.com/maitikeev видеосынан алынған: UGC

Басылымның хабарлауынша, комитет арнайы жасақ тек резеңке оқтармен қаруланғанын, операция жалғасып жатқанын мәлімдеген.

Басылымының мәліметінше, 7 шілде Бішкек уақыты бойынша кешкі сегіз шамасында Кой-Таштағы Атамбаев үйіне арнайы жасақ келгені белгілі болған.

Атамбаевтың жақтасы Мирбек Айтикеев әлеуметтік желіде тікелей трансляция таратқан. Видеода Атамбаев үйінің маңында маска және арнайы жасақтың формасын киген қарулы адамдар көрінді. Видеодан мылтықтың дауысы да естілген.

Сонымен қатар басылымның жазуынша, Азаттықтың Қырғыз қызметі кем дегенде 15 адамның жараланғанын, біразын ауруханаға алып кеткенін хабарлаған.

Жараланғандардың арасында 24.kg сайтының тілшісі бар. Оның аяғына резеңке оқ тиген. Елдің денсаулық министрлігі Кой-Ташқа 8 жедел жәрдем бригадасы жіберілгенін мәлімдеген деп хабарлайды басылым.

Сондай-ақ, басылым Азаттықтың Қырғыз қызметінің тілшілері Кой-Таш аймағында ұялы байланыс нашарлағанын, ауылға кіреберісте полицейлер тұрғанын хабарлағанын жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1809805-bak-kyrgyzstan-kk-atambaevty-stau-operaciasy-bastalganyn-habarlady/

pixel