RU
Атамбаев әлі де Кой-Таштағы үйінде
Жаңалықтар Саясат және экономика

Атамбаев әлі де Кой-Таштағы үйінде

Рассказать Вконтакте

"Апрель" телеарнасы Қырғызстан экс-президенті Алмазбек Атамбаевтың әлі Кой-Ташта, өз үйінің үшінші қабатында екенін хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Алмазбек Атамбаев. Фото: news.tut.by

Алмазбек Атамбаев. Фото: news.tut.by

Телеарна журналистері аталмыш ақпаратты растай алған.

Сондай-ақ, Telegram-канал Life Shot дүрбелеңнен кейін экс-президенттің жақтастарына шыққан мәлімдеп, видео жариялады.

Mash арнасының мәліметінше, президент аппаратының бұрынғы басшысы Фарид Ниязов Атамбаевтың ғимаратта екенін растаған.

Сол арада Атамбаевтың жақтастары резиденцияға қарай арнайы жасақтың жаңа қызметкерлері келе жатқанын айтады.

Еске сала кетейік, бұған дейін БАҚ-та Алмазбек Атамбаевтың ұсталғаны жайлы ақпарат пайда болған. Алайда бұны бұрынғы президенттің қызы мен жақтастары жоққа шығарған еді.

Сіздің реакцияңыз
2
0
0
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel