RU
Жараланған және соққыға жығылған жасақ қызметкерлерін Атамбаевтың үйінен шығаруда
Жаңалықтар Калейдоскоп

Жараланған және соққыға жығылған жасақ қызметкерлерін Атамбаевтың үйінен шығаруда

Рассказать Вконтакте

Қырғызстанда арнайы жасақ әскерлері Алмазбек Атамбаевтың үйіне шабуыл жасап жатыр. Үйден соққыға жығылып, жарақат алған қарулы күштер қызметкерлерін шығарып жатқаны белгілі болды деп хабарлайды Sputnik Қырғызстанға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Оқиға орнынан фото: Sputnik / Эркин Алымбеков

Оқиға орнынан фото: Sputnik / Эркин Алымбеков

Басылымның хабарламасында екі арнайы жасақ қызметкерлерін үйден ес-түссіз күйде шығарғаны айтылған. "Тиіспеңдер!" деген айқай естіліп жатыр.

Сонымен қатар, үйден тағы да бірнеше арнайы жасақ қызметкерлері шыққан. Олардың біріне кетуге рұқсат берілген. Дәл сол сәтте ол оқиға орнынан қашып кетпек болған. Алдын ала мәліметтерге сай, ол өзен жаққа қарай беттеген.

Жиналған жұрт бұрынғы президенттің атын дауыстап айтып жатыр.

МҰҚК қарулы күштердің берілуге ниетті емес екенін және ары қарай операцияны жалғастыратынын айтты.

Соңғы мәліметтерге сәйкес, шабуыл кезінде 10 адам зардап шеккен.

Сіздің реакцияңыз
3
10
0
2
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel