RU
Атамбаев Қырғызстан билігіне және халыққа үндеу жасады

Атамбаев Қырғызстан билігіне және халыққа үндеу жасады

Рассказать Вконтакте

Экс-президент Алмазбек Атамбаев Қырғызстан халқы мен ел билігіне үндеу жасап, оларды қонтөгіс жасамауға шақырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Алмазбек Атамбаев. Фото: видеодан кадр

Алмазбек Атамбаев. Фото: видеодан кадр

Бұрынғы мемлекет басшысының үндеуі "Апрель" телеарнасының тікелей эфирінде көрсетілген.

"Қырғызстан халқына үндеу жасауға мәжбүр болып тұрмын. Бұл үндеуім билік өкілдеріне жетеді деген үміттемін.

Бүгін экс-президент Алмазбек Атамбаевты ұстау шарасы іске асырылмақ болды. Өкінішке орай, бұл шара кезінде жазықсыз адамдар зардап шекті. Себебі, бізге терроризмге қарсы отряд жіберілген.

Біз лаңкестер емеспіз, біз бейбіт адамдармыз. Аулада болғандардың барлығы. Кейбіреулер жай ғана менімен суретке түсу үшін келген " , - деді экс-президент.

Оның сөзінше, құқыққорғау қызметкерлері атыс қаруын да, помпалық қаруды да қолданып, өз әрекеттерімен оларды жауап беруге мәжбүрлеген.

"Билік менің құқықтық алаңға кіру туралы үндеуіме құлақ асқан жоқ. Мен жазбаша түрде кез келген сұраққа жауап беруге дайын екенімді бірене мәрте айтқан болатынмын.

Батукаевтың ісіне қатысты айтатын болсам, менің тарапымнан ешқандай жемқорлық әрекет болған жоқ. Бұл жөнінде Сооронбай Жээнбеков те жақсы біледі. М

ен оған өзім айтып бергенмін. Бұл барып тұрған арсыздық мені қатты таңғалдыруда" , - деді Атамбаев.

Оған қоса, бұрынғы басшы өзіне көмекке келіп, оны "тірідей не өлідей ұстап алуға" жол бермегендерге алғысын білдірді.

"Билікке ойланатын уақыт келді. Біз тізерлеп өмір сүретін халық емеспіз. Біз қой емеспіз ғой. Қырғызстан азаматтары - ар-намысты өмірден қымбат көретін еркін адамдар" , - деді Атамбаев.

Сіздің реакцияңыз
4
2
0
0
7
52
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel