RU

Алмазбек Атамбаевтың қақтығыстан кейінгі жағдайы белгілі болды

Бұрынғы депутат Равшан Жээнбеков Қой-Ташта ұстау операциясын жүргізген арнайы жасақ пен азаматтар арасында болған қақтығыстан кейінгі Алмазбек Атамбаевтың жағдайы туралы мәлімдеді деп хабарлайды akipress.org басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

атамбаев
Оқиға орнынан фото: Sputnik / Эркин Садыков: UGC
«Атамбаев дін аман. Бұл жақтан да, ана жақтан да жарақат алған адамдар бар…Жараланғандар өте көп», - деді Жээнбеков.

Сонымен қатар, ол билікпен келіссөздер жүргізу кезінде ең басты және маңызды не нәрсені талап еткендерін де айтып берді.

«Біз тек қана бір шарт қойдық: Милицияны алып тастау», - деп атап өтті экс-депутат.

Елдің бұрынғы басшысының жақтастары мен арнайы жасақ сарбаздары арасындағы қақтығыс салдарынан, соңғы мәліметтер бойынша, 35 шақты адам жараланған. Оқ тиіп, ауыр жарақат алған бір сарбаз ауруханада көз жұмды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1809854-almazbek-atambaevty-kaktygystan-kejingi-zagdajy-belgili-boldy.html