Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атамбаевты тұтқындаудан кейін Қой-Ташта қандай жағдай орын алды?

Опубликовано:

Күні кеше, 7 тамызда Қырғыз Республикасының ҰҚМК арнайы жасағы экс-президент Алмазбек Атамбаевты тұтқындау әрекетін іске асырмақ болды. Спецназ бұрынғы мемлекет басшысының Қой-Таштағы үйіне шабуыл жасаған деп хабарлайды "АКИpress" басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Видеодан кадр: АКИPress
Видеодан кадр: АКИPress: Depositphotos

Ресми мәліметтерге сәйкес, сәтсіз шабуыл салдарынан арнайы жасақтың бір мүшесі қаза тауып, оншақты адам зардап шекті. Видеодан Атамбаев үйінің қасынан өрт шыққанын байқауға болады.

Шабуыл жасалған үйден жарақат алғандар шығарылып жатыр. Оған қоса, қабырғалар мен еденде қан дақтары анықталды. Бірнеше адам шабуыл кезінде қолданылған қаруды көрсетіп, автоматтар мен пистолеттердің патрондарымен жабдықталғанын мәлімдеді. Сонымен қатар, камераға резина оқтар да көрсетілді.

Видеоның соңында, бірнеше полицейлер мен арнайы жасақ мүшелерінің Қой-Таштан кетіп бара жатқанын көруге болады.

Айта кетейік, шабуыл нәтижесінде бір адап қаза тапты. Шу аудандық ІІМБ басшысының басы жарылып, зардап шеккен полицей комаға түсіп қалды.

Бұған дейін Атамбаевтың қырғыз халқы мен билігіне үндеу жасағанын хабарлаған болатынбыз. Кейін желіде экс-президенттің үйіне жасалған шабуылдан соң суреттер пайда болған.

Қырғызстан басшысы Сооронбай Жээнбеков Қой-Таштағы оқиғалардан кейін, қауіпсіздік кеңесін жинамақшы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1809874-atambaevty-ttkyndaudan-kejin-koj-tasta-kandaj-zagdaj-oryn-aldy/

pixel