RU
Құзырлы органдар Кой-Таштағы тәртіпсіздікке байланысты мәлімдеме жасады
Жаңалықтар Қоғам

Құзырлы органдар Кой-Таштағы тәртіпсіздікке байланысты мәлімдеме жасады

Рассказать Вконтакте

Қырғызстан Бас прокуратурасы Кой-Ташта болған оқиғаға орай "жаппай тәртіпсіздік", "кісі өлімі", "тұтқынға алу" баптары бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді бастады, деп хабарлайды АКИpress-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: АКИpress

Фото: АКИpress

Елдің Ішкі істер министрлігі тұрғындардың Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті мен милиция қызметкерлеріне қарулы қарсылық көрсеткенін мәлімдеді.

Қадағалаушы орган хабарлағандай, Атамбаев Азиз Батукаевты босатуға қатыстылығы факті бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу шеңберінде құқық қорғау органдарына 3 рет шақырылған. Алайда, саясаткер бұл талаптарды ескермегендіктен, Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлеріне оны мәжбүрлі түрде алдыруға тапсырма берілді.

Қадағалаушы органның қаулысын орындау мақсатында Қой-Таш ауылына келген күштік құрылым қызметкерлеріне экс-президенттің жақтастары қарсылық көрсеткен.

"Саясаткердің жақтастары тарапынан билік өкілдеріне қарулы қарсылық көрсетілді. Одан бөлек, тергеуге кедергі келтіру мақсатында жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырылды", – делінген Бас прокуратура хабарламасында.

ІІМ мәлімдегендей, арнайы жасақтың 2 қызметкері атыс қаруынан жарақат алған. Біреуі көз жұмды, екіншісі ауыр хәлде ауруханада жатыр. Тағы бір тәртіп сақшысы бас сүйегі жарылып ауыр жарақат алған.

Құзырлы орган өкілдері атыс қаруын тек Атамбаевтың жақтастары қолданғанын атап өтті. Қазіргі уақытта тергеу шаралары жүргізілуде.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel