RU
Cүйіктісінің отбасылы екенін біліп қойған ару не істерін білмей, дал болды
Жаңалықтар Қоғам

Cүйіктісінің отбасылы екенін біліп қойған ару не істерін білмей, дал болды

Рассказать Вконтакте

Жігітімен бір жылға жуық кездесіп жүрген сылқым Instagram-дағы astana__forum парақшасына жуырда сүйіктісінің отбасылы адам екенін білгенін сөз етті. Алайда ғашығы өзінің ажырасқанын айтып, ақталған екен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: Getty Images

Көрнекі фото: Getty Images

Бойжеткен сүйіктісінің отбасылы екенін оған келіп түскен хабарламалар арқылы біліп қойған. Алайда жігіті өзінің ажырасқанын айтып, ақталыпты.

"Жігітіммен бір жылдан аса уақыт кездесіп жүрмін. Жуырда оның әйелі мен балалары ба екенін білдім. Өзі оны мойындамай, ажырасқанмын дейді. Халыққа қызмет көрсету орталығында үйленбеген деп тұр. Бірақ оған келген хабарламалар арқылы әйелінің барын біліп қойдым", - деп жазды ару.

Сылқымның сөзінше, әйел адам ер азаматқа хабарласып, қолымен істегенді мойнымен көтеруді талап етеді екен.

Сол себепті тығырыққа тірелген ару жігіттің бұрынғы жұбайының оларға тыныш өмір сүруге мүмкіндік бермейтінін ойлап, дал болып отыр.

"Ол әйел сүйіктіме ештеңеге үлгермей жүргенін, ер адам болған соң көмектесіп, қолымен істегенін, мойнымен көтеруін талап етіп, хабарламалар жазған.

Мұндай жағдайда не істеуге болады? Кеткім келмейді, оны сүйемін.

Бірақ әлгі әйел балаларымен бірге жігітімнің қыр соңынан қалмай қоя ма деп тағы уайымдаймын. Не істеймін?", -деп ақтарылды бойжеткен.
Сіздің реакцияңыз
12
3
1
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel