Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтауда екі жігіт арасындағы жанжалды басу үшін біршама полиция жиналған

Опубликовано:

Ақтаудағы пышақпен төбелес оқиғасы үшінші тамыздан төртінші тамызға қараған түні, төртінші шағын аудандағы №3 үйге қарсы бетте болған. Бұл туралы ПД баспасөз қызметі мен Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы хабарлады деп жазады lada.kz.

Фото: lada.kz
Фото: lada.kz: Facebook

Белгілі болғандай, төртінші тамызға қараған түні Ақтаудағы полиция басқармасына топтық төбелес жайлы қоңырау түскен.

Екі жас жігіттің арасында текетірес пайда болған. Бірер сәттен соң олардың бірі екіншісіне пышақ сұғып алған.

Күдіктінің кім екенін анықтау және оны ұстау сол күні-ақ іске асты.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 106-бабының 1-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жаазсы көзделген.

Жедел жәрдем көлігі зардап шегушіні жедел облыстық ауруханаға жеткізген. Оған кеуде қуысының жарасы диагнозы қойылған. Науқасқа ота жасалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1809914-aktauda-eki-zigit-arasyndagy-zanzaldy-basu-sin-birsama-policia-zinalgan/

pixel